Accessibility links

Қазақстан Париждегі шабуылды айыптады


Құтқарушылар Париждегі журнал кеңсесіне шабуылдан жараланғандарды әкетіп барады. Пираж, 7 қаңтар 2015 жыл.
Құтқарушылар Париждегі журнал кеңсесіне шабуылдан жараланғандарды әкетіп барады. Пираж, 7 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Парижде қаңтардың 7-сінде сатиралық Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылды айыптады.

Facebook-те жариялаған мәлімдемесінде министрлік "Қазақстан Парижде қаңтардың 7-сінде болған тағылық шабуылды айыптайды. Марқұм болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз" делінген.

Министрлік бұған қоса Қазақстан Францияның экстремизмнің кез-келген түрімен күресін қолдайтынын білдіріп, "халықаралық серіктерімен бірге бұл қауіпке қарсы тұруды жалғастыруға дайын екенін" айтқан.

Парижде бетперде киіп, автоматпен қаруланған үш адамның күндіз сатиралық Charlie Hebdo журналы редакциясына жасаған шабуылынан 12 адам құрбан болып, 12 адам жараланған еді. Жараланғандардың төртеуінің халі ауыр.

Франция прокуроры Франсуа Молинс қарулы адамдардың шабуыл жасағанда "Аллаһу акбар" деп және "пайғамбар үшін кек қайтардық" деп айқайлағанын растады.

Франция президенті Франсуа Олланд қаңтардың сегізін шабуылдан қаза тапқандарды аза тұту күні деп белгіледі.

XS
SM
MD
LG