Accessibility links

Назарбаев француз халқына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландқа Парижде сатиралық Charlie Hebdo журналына жасалған шабуылдан осы елдің бірнеше азаматы қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеделхатта Назарбаев Қазақстан халқы мен өз атынан террорлық шабуылдан қаза тапқан француздардың жақындарына және барлық француз халқына көңіл айтқан.

Қаңтардың 7-сі күні Парижде Charlie Hebdo журналы редакциясына белгісіз қарулы үш адам шабуыл жасап, 12 адам қаза тапқан. Шабуылдан 12 адам жараланған, оның төртеуі ауыр халде ауруханада жатыр.

Жеделхатта "Терроризмнің барлық жерде таралуы бүгінде барлық мемлекеттерге ортақ қауіпке айналды. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретін терроризм мен экстремизмнің кез-келген түрін айыптайды" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG