Accessibility links

Shenzhen Open: Дияс ширек финалда ұтылды


Зарина Дияс

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Зарина Дияс Қытайдағы Shenzhen Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Ол ширек финалда әлемнің 97-ракеткасы - қытайлық Чжэн Сайсайдан жеңілді (6:3, 6:7, 2:6). Бұл - екі теннисшінің корттағы төртінші кездесуі. Барлық матчта қытайлық Сайсай жеңіске жеткен.

Зарина Дияс енді Hobart кубогына (Австралия) және Австралия ашық чемпионатына, Таиланд ашық чемпионатына қатыспақ.

XS
SM
MD
LG