Accessibility links

Пәкістанда көлік апатынан ондаған адам өлді


Жанармай таситын көлікпен соқтығысқаннан соң жанып кеткен автобус қаңқасын қарап жүрген адамдар. Карачи, 11 қаңтар 2015 жыл.
Жанармай таситын көлікпен соқтығысқаннан соң жанып кеткен автобус қаңқасын қарап жүрген адамдар. Карачи, 11 қаңтар 2015 жыл.

Пәкістанның Карачи қаласының маңында бүгін жолаушылар автобусы мен жанармай таситын автокөлік соқтығысып, 57 адам қаза тапқан. Құрбан болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Екі көлік соқтығысып қалған соң өртенген.

Дәрігерлер апат құрбандарының көпшілігінің денелері толық жанып кеткендіктен қаза болғандар саны көбеюі мүмкін екенін айтады. Өлген адамдарды ДНК-тест жүргізу арқылы ғана анықтау мүмкін болмақ.

Алдын ала деректер бойынша, апатқа жанармай тиеген көліктің қарсы бағытқа шығып кетуі себеп болуы ықтимал. Салонында 60-тан аса жолаушы және төбесінде бірнеше адам отырған автобус Карачиден Шикарпурға кетіп бара жатқан.

Былтыр қарашада Карачиге жақын маңда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 58 адам мерт болған еді.

XS
SM
MD
LG