Accessibility links

Арменияда бір отбасының 6 адамы өлтірілді


Гюрмидегі отбасы қаза тапқан үй. Армения, 12 қаңтар 2014 жыл
Гюрмидегі отбасы қаза тапқан үй. Армения, 12 қаңтар 2014 жыл

12 қаңтар күні таңертең Арменияның Гюрми қаласында алты адам өлтірілгені анықталды. Мерт болған алты адам - ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен келіні, екі жасар немересі және жас қызы. Алты айлық ұл бала ауруханаға түскен.

Полицияның Азаттық радиосы Армян қызметіне берген дерегінше, алты адамды Калашников автоматымен атып кеткен. Тергеу комитеті бүгін әскери базасынан заңсыз шығып кеткен ресейлік сарбаз Валерий Пермяковты күдікті ретінде атады. Тергеу комитеті оқиға болған аймақтан оның аяқ киімінің ізі табылғанын айтады.

Ресейдің Гюрмиде 3000 сарбаздан тұратын әскери базасы бар. Бұл -Ресейдің шеттегі ең ірі әскери базаларының бірі.

XS
SM
MD
LG