Accessibility links

Мұнай бағасы тағы арзандады


АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың Калифорния штатындағы мұнай кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет).

Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнай бағасы бес пайызға арзандап, бір баррелі 46 АҚШ доллары 7 центті құрады. Ал Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 47 АҚШ доллары 43 центке дейін түсті. Brent маркалы мұнай бағасы соңғы алты жылда осыншалықты арзандамаған. Жыл басынан бері мұнай бағасы 17 пайызға кеміп отыр.

Wall Street Journal басылымының жазуынша, мұнай бағасының арзандауына қаңтардың 12-сінде Goldman Sachs инвестициялық банкі жариялаған болжам себеп болған. Болжам бойынша, мұнай өндіруші елдер ұйымы - ОПЕК өндірілетін мұнай көлемін азайтуға ынталы емес болғандықтан таяу уақытта әлемде мұнайға деген ұсыныс сұраныстан артып кетеді.

Goldman Sachs-тің есебіне қарағанда, биылғы жылдың екінші тоқсанында WTI маркалы мұнай баррелінің бағасы 40 доллар 50 цент, ал Brent маркалы бензин бағасы 42 долларға дейін түседі. Банк сарапшылары 2015 жылы мұнайдың орташа бағасы 50 доллар болады дейді. Бұл - сарапшылардың бұған дейін болжаған бағасынан 32 долларға төмен.

XS
SM
MD
LG