Ява теңізінен апатқа ұшыраған малайзиялық AirAsia компаниясы ұшағының тағы бір дыбыс жазба құралын ("қара жәшік") бүгін судан шығарды.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құтқару тобы борттағы сөздерді жазатын екінші "қара жәшікті" бұған дейін осы ұшақтың тағы бір "қара жәшігі" табылған тұсқа жақын жерден тапқан.
Теңізден табылған құрылғы индонезиялық кемеге тиелген, енді оны Джакартаға сараптамаға жібермек.
Малайзияның Air Asia әуе компаниясына тиесілі Airbus-320-200 жолаушылар ұшағы желтоқсанның 28-і күні таң ата Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан соң, Калимантан және Белитунг аралдары арасындағы Ява теңізінде радардан жоғалып кеткен еді.
Желтоқсанның 30-ында Индонезия құтқарушылары Борнео аралы жағалауынан алты адамның денесі мен ұшақ бөлшектері болуы мүмкін делінген заттарды судан шығарған. Ұшақта болған 162 адамның осы кезге дейін 40-ының мәйіті табылған. 162 адамның көбі - Индонезия азаматтары.