Accessibility links

Алматы әкімдігіне бекінген адам полицияға берілді


Алматы қалалық әкімдігі алдында тұрған полицейлер. (Көрнекі сурет).
Алматы қалалық әкімдігі алдында тұрған полицейлер. (Көрнекі сурет).

Алматы қалалық әкімдігі ғимаратына кіріп алып, шықпай қойған белгісіз ер адам полицияға берілді. Ер адам өзімен бірге жарылғыш зат алып кіруі мүмкін деген қауіппен қоршалған әкімдік айналасы ашылды.

Қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, ер адам бүгін күндізгі сағат 11:25-те әкімдікке кіріп, есікті іштен бекітіп алып ашпай қойған. Кеңседе жалғыз өзі болған ол ешқандай талап қоймаған. Онымен келіссөз жүргізіліп, сағат 13:35-те өз еркімен сыртқа шыққан.

ІІД қазір арнайы штаб құрылып, ер адамның әрекеті тексеріліп жатқанын айтады. Бұған дейін хабарланғандай, ол адамда жарылғыш құрылғы болды деген ақпарат расталмаған.

Кейбір ақпараттар бойынша, ер адам 2008 жылы өзіне қатысты шыққан азаматтық сот шешіміне наразылық білдірмек болған. Әзірге ол азаматтың аты-жөні айтылмай отыр.

XS
SM
MD
LG