Парламент мәжілісі бүгін пленарлық отырысында "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хабарлауынша, заң жобасында балаларды физикалық, психикалық денсаулығына адамгершіліктік тұрғыдан және психикалық дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғау, оның ішінде зорлық пен қатыгездікті, порнографияны, қоғамға қарсы мінез-құлықты насихаттайтын баспа, аудио-видео және электрондық өнімдерді таратудың алдын-алу тетіктері қарастырылған.
Мәжіліс "Балаларды зиянды ақпараттан қорғау туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда желтоқсанның 18-і күні мақұлдаған.
Құжат енді сенаттың қарауына жіберіледі.