Accessibility links

Теннисші Кукушкин Сиднейдегі жарыстың ширек финалына шықты


Михаил Кукушкин

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 66-орында тұрған Михаил Кукушкин Сиднейде өтіп жатқан Apia International турнирының ширек финалына шықты.

Ол 1/8-финалда әлемнің 29-ракеткасы уругвайлық Пабло Куэвасты 7:5, 7:5 есебімен жеңді. қос теннисші осымен төртінші рет кездесіп отыр. Үш матчта Қазақстан теннисшісі жеңіске жеткен.

Кукушкин ширек финалда әлемдік рейтингте 338-орында тұрған Хуан Мартин Дель-Потромен (Аргентина) ойнайды.

Михаил Кукушкин 2008 жылға дейін Ресей атынан жарыстарға қатысты. Ал 2009 жылдың басынан Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің құрамасына ауысты

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG