Accessibility links

Мәскеуде Украина әнұранын тыңдаған төрт адам ұсталды


Украина тулары. (Көрнекі сурет)
Украина тулары. (Көрнекі сурет)

Украин әскери ұшқышы Надежда Савченко қамауда отырған Мәскеудің 6-тергеу абақтысы қасында бүгін Украина әнұранын тыңдаған төрт адам ұсталды деп хабарлайды ОВД-Инфо порталы. Ұсталғандар арасында бір журналист бар.

Акцияға қатысушылардың бірі Олег Мокрочковтың айтуынша, белсенділер абақты маңында көліктерінде Украина әнұранын тыңдап отырғанда полиция автобусы келген. Полицейлер белсенділердің көліктен түсіп, автобусқа кіруін талап еткен.

Абақтыға жеткізілген төрт белсендіге "Адам құқықтары қозғалысының" адвокатын кіргізбей тұр. ОВД-Инфо порталының дерегінше, ұсталғандарды жеке-жеке бөлмелерге кіргізіп, тінтуге әрекет жасаған. Абақтыға ішкі істер министрлігінің экстремизммен күрес басқармасының қызметкері барған.

XS
SM
MD
LG