Accessibility links

Обама мен Меркель Украина жағдайын талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Германия канцлері Ангела Меркель.

АҚШ президенті Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесіп, Шығыс Украинадағы жағдайдың шиеленіскеніне алаңдаушылық білдірді деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі.

Ақ үй таратқан ақпаратта екі ел басшылары әңгімеде ресейшіл сепаратистер мен украин әскері арасындағы қақтығысты түбегейлі, бейбіт түрде шешу жайын талқылағаны айтылады. Обама мен Меркель ауқымды реформалар жасауды жоспарлап отырған Украинаға халықаралық қаржылай көмек беріп, қолдау көрсету жайын да кеңескен.

Соңғы аптада Шығыс Украинада украин әскері мен сепаратистер арасында қақтығыс күшейген. Қаңтардың 13-інде сепаратистер бақылауындағы Донецк облысының Волновах елді мекенінде автобусқа артиллерия снаряды түсіп, 12 адам мерт болған. Оқиғаға Киев пен сепаратистер бір-бірін айыптайды.

Қаңтардың 15-інде сепаратистер украин әскерімен шайқаста Донецк әуежайы терминалын тартып алғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG