Accessibility links

Халықаралық сот Палестинадағы оқиғаларды тексермек


Палестиналық өртке қарсы қызмет өкілдері израиль күштерінің әуе соққысынан өртенген зауыт аумағында. 10 тамыз 2014 жыл.
Палестиналық өртке қарсы қызмет өкілдері израиль күштерінің әуе соққысынан өртенген зауыт аумағында. 10 тамыз 2014 жыл.

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Палестина территориясында әскери қылмыстар жасалған болуы мүмкін деген ақпарат бойынша тергеу шараларына кірісті. Егер ондай қылмыстардың жасалғаны анықталса, израильдіктер немесе палестиндіктер жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Қаңтар айының басында Палестина билігі Рим статутына қосылып, ХҚС-ты былтыр маусымда Газа секторында Израильдің әскери операциялары басталған сәттен әскери қылмыстарға жатуы мүмкін оқиғаларды тексеріп, тергеу жүргізуге шақырған. ХҚС-тың тергеу бастау туралы ұйғарымына бұл ұйымға мүше емес Израиль наразылық білдірген. Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман тергеуді Израильге қарсы жалаң саяси мәлімдемеге негізделген және Израильдің өзін өзі террордан қорғау құқығына соққы беру әрекеті деп сипаттады.

АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың іс-әрекетін сынады. Мемлекеттік департамент өкілі Джефф Ратке бұған дейін Израиль бейбіт тұрғындары мен елдімекендеріне мың шақты рет зымыран атқыланғанын айтты.

2014 жылы шілденің 8-і күні өз аумағына зымыран атқылған ХАМАС жасағына жауап ретінде Израиль Газа секторында «Қорғаныс шебі» операциясын бастаған еді. Жеті аптаға созылған ұрыста 2100-ден астам палестиналық пен 67 Израиль азаматы қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG