Accessibility links

Женевада Иран келіссөзі аяқталды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен сөйлесіп тұр. Женева, 14 қаңтар 2015 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен сөйлесіп тұр. Женева, 14 қаңтар 2015 жыл.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты осы елдің "алтылық тобымен" кезекті келіссөзі өтті.

Дипломаттардың хабарлауынша, Иран мен әлемдік алты держава өкілдерінің Женевада өткен Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзінен "айтарлықтай нәтиже шықпаған". Жабық есік жағдайындағы кездесу Женевадағы Еуропа Одағының өкілдігінде өтті.

Иран делегациясының басшысы Аббас Аракчидің мәлімдеуінше, келіссөз "пайдалы" болғанымен, қандай да бір ілгерілеушілік туралы айтуға "әзірге ертерек". Қытай өкілі Ван Кун келіссөздің келесі кезеңі ақпан айының басына белгіленгенін, бірақ қай жерде өтетіні әлі белгісіз екенін айтады.

Әлемдік державалар - АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартқызып, есесіне халықаралық санкцияларды азайтуға көндіруге тырысып келеді. АҚШ конгрессмендері бұған дейін егер маусымның 30-ына дейін келісім жасалмаса, Иранға қарсы жаңа санкция салуға шақырған.

АҚШ президенті Барак Обама әзірге келіссөз жалғасып жатқан тұста санкцияға вето қоятынын мәлімдеп, конгрессмендерді қысым көрсетпеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG