Accessibility links

Брюссельде ЕО сыртқы істер министрлері кездеседі


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини.

Бүгін Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері Брюссельде Еуропадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылауға жиналады.

ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини кездесу қарсаңында соңғы аптада қарулы қақтығыстар күшейген Шығыс Украинадағы дағдарысқа ықпал ету мүмкіндіктері қарастырылатынын мәлімдеген.

Азаттық қолына түскен құжатта министрлердің Сирия, Ирак мәселелері және радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымымен күрес сияқты кейбір бағыттарда Ресеймен ынтымақтастықты "біртіндеп" және "таңдау жасай отырып" қайта қалпына келтіру қадамдарын қарастыратыны айтылған.

Кездесуде "Ислам мемлекеті" тобы тарапынан төнетін қауіп жайлы да талқылануы мүмкін.

XS
SM
MD
LG