Accessibility links

Қытай-Вьетнам шекарасында екі ұйғыр оққа ұшқан


Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында жүрген қытай полицейлері. (Көрнекі сурет)
Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында жүрген қытай полицейлері. (Көрнекі сурет)

Қытай полициясы шекараны бұзып, Вьетнамға заңсыз өтпек болды деген желеумен екі ұйғыр азаматын атып тастаған.

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға қаңтардың 18-і күні Гуанси провинциясының шекараға жақын Пинсян қаласында болған.

Полиция қашып кетті делінген үшінші адамды іздестіріп жатыр.

Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, өткен жылдың мамыр айынан бері елдің оңтүстік-батысындағы шекарада адам саудасына қатысты 262 факті әшкереленген. Министрлік адам саудасының "шетелден ұйымдастырылатынын" айтып, бұған сепаратистік Шығыс Түркістан ислам қозғалысы ұйымын айыптайды.

Этникалық ұйғырлар Қытайдың батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында тұрады. Қытай билігі соңғы айларда болған терактілерді этникалық ұйғырлардан көріп, жаппай қуғындау шараларын жүргізіп келеді.

XS
SM
MD
LG