Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы наурыздың 29-ына белгіленген президент сайлауына үміткер төрт адамды тіркеді.
Сайлауға елдің қазіргі президенті, Өзбекстан либералды-демократиялық партиясы жетекшісі Ислам Каримовтен өзге Халықтық демократиялық партия басшысы Хатамжан Кетмонов, "Адолат" социал-демократиялық партиясы атынан Наримон Умаров пен "Қайта өрлеу" демократиялық-ұлтшыл партиясынан Акмал Саидов тіркелді. Бұл партиялардың ешқайсысы билікке оппозицияда емес.
Қазіргі билікке қарсылар аталған үміткерлер "тек көзбояушылық үшін" тіркелді дейді.