Accessibility links

Әуе қорғанысы күштері дайындығы тексеріледі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде осы аптада әскери дайындығы мен тәртіп келу деңгейі тексеріледі деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Жоспарлы тексеру Үшарал және Алматы гарнизондарында жүргізіледі. Бөлімдерде әскери кезекшілік атқарудың ұйымдастырылуы, әскери дайындық деңгейі, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен мобилизация жағдайындағы дайындығы тексеріледі.

Өткен аптада Қазақстан армиясында құрлықтық әскердің сепаратистік топтарды жоюына қатысты штабтық жаттығу өткен. Жаттығу сценарийі бойынша, әскерилер шартты мемлекет территориясына босқын кейпінде кірген экстремистік, террористік және сепаратистік ұйымдарды құрсаулап, жою амалдарын орындаған.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, "әлемдегі қазіргі геосаяси өзгерістер жаттығулардың өзекті екенін көрсетіп отыр".

XS
SM
MD
LG