Жамбыл облысында "Қазақмыс" компаниясына тиесілі "Ан-2" ұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Ан-2" ұшағы Шу ауданының аумағында түскі сағат 15:00-де апатқа ұшыраған. Борттағы жеті адамның үшеуі - экипаж мүшесі, қалғаны "Қазақмыс" компаниясының өкілдері болған. Апаттан бір адам жарақат алып, Жамбыл облысындағы ауруханалардың біріне жеткізілген.
"Қазақмыс" компаниясы дерегінше, бұл мекемеге тиесілі "Ан-2" ұшағы Балқаш қаласынан Шатыркөл кенішіне ұшып бара жатқанда апатқа ұрынған.
Төтенше жағдай қызметі мен құтқарушылар оқиға орнына аттанған.