Accessibility links

Израильде жолаушылар автобусына шабуыл жасалды


Пышақпен қаруланған адам шабуылдаған автобус салонын тексеріп жүрген Израиль полициясының өкілі. Афула, 13 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Пышақпен қаруланған адам шабуылдаған автобус салонын тексеріп жүрген Израиль полициясының өкілі. Афула, 13 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Израиль астанасы Тель-Авивтің орталығында бүгін пышақпен қаруланған ер адам жолаушылар автобусына шабуылдаған. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан тоғыз адам зардап шеккен, оның бесеуі ауыр жараланған.

Израиль полициясы өкілінің сөзіне қарағанда, шабуылды Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Тулькарм қаласынан шыққан 23 жастағы палестиндік жасаған.

Полиция шабуылдаған адамды жаралап, тұтқындаған.

Соңғы айларда он шақты адам палестиндіктер жасаған шабуылдың құрбаны болған. Шабуылдардың көпшілігі Иерусалимде болған.

XS
SM
MD
LG