Accessibility links

Донецкіде атыстан бес адам қаза тапты


Атыстан қираған дүкен ғимараты. Донецк, Украина, 20 қаңтар 2015 жыл.
Атыстан қираған дүкен ғимараты. Донецк, Украина, 20 қаңтар 2015 жыл.

Донецкіде өткен түні украин әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы атыстан бес адам қаза тауып, 30-ға тарта адам жараланды деп хабарлады қала әкімшілігі.

Қалада ұрыс жалғасып, ауданда ауыр артиллериядан атылған снаряда дауыстары естіліп жатыр. Донецк әуежайында да ұрыс жүріп жатыр.

Ал Мариуполь түбінде сепаратистер украин әскерилерінің позицияларын атқылаған. "Ақпараттық қарсыласу" тобының жетекшісі Дмитрий Тымчуктың айтуынша, аймақта өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасының жасақтары мен әскери техникасының саны артқан.

Украин әскері Луганск облысының Крымское елді мекеніндегі 29 және 31-аудандардағы блокпосттарға жасаған сепаратистер шабуылын тойтарған. Бұған дейін "үкімет әскері сепаратистер шабуылынан өз бекіністерін тастап кетті" деп хабарланған еді. Украинаның антитеррорлық операция баспасөз орталығының өкілі Андрей Лысенконың мәлімдеуінше, шабуылға ресейлік әскерилер қатысқан. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG