Accessibility links

Ұшақ апатынан тірі қалған әйел Астанаға жеткізілді


"Ан-2" ұшағы (Көрнекі сурет).
"Ан-2" ұшағы (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысы аумағына құлаған "Ан-2" ұшағында тірі қалған жолаушы Әсем Шаяхметованы Астанаға әкетті. "Балхашцветмет" компаниясының бас геологы болып істейтін Шаяхметова - ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз адам.

Қаңтардың 20-сында күндіз Балқаштан Шатыркөл кенішіне ұшып бара жатқан "Ан-2" ұшағы Шу ауданы аумағында құлаған. Ұшақта болған "Қазақмыс" компаниясының үш қызметкері мен экипаждың үш мүшесі түгел қаза тапқан. Ал тірі қалған Әсем Шаяхметованы әуелде Жамбыл облысындағы ауруханаға жатқызып, операция жасаған. Дәрігерлер оның денсаулығын "ауыр, бірақ тұрақты" дейді.

"Олимп Эйр" компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауына алдын-ала болжам бойынша ауа-райы себеп болуы мүмкін. Ұшақтың апатқа ұшырау себептерін арнайы құрылған үкіметтік комиссия анықтап жатыр.

XS
SM
MD
LG