Accessibility links

Сенат жастар саясаты туралы заң жобасын мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламенті сенаты бүгін "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасында мемлекеттік жастар саясатының міндеттері, ұстанымдары мен негізгі бағыттары қарастырылған. Құжат бұған қоса жастардың ресурстық орталықтары мен әлеуметтік қызметтерінің іс-әрекетін реттейді.

Бүгін сенатта жастар саясаты туралы заң жобасына қатысты еңбек кодексіне енгізілетін түзетулер де мақұлданған. Түзету бойынша, жұмыс беруші енді жұмысқа орналасқан жас маманмен екі жылдан кем емес мерзімге еңбек келісім-шартын жасасуы тиіс. Бұған қоса 18 жасқа толмаған адамды және университет бітіргеніне бір жылдан аспаған адамды мамандығы бойынша жұмысқа алғанда сынақ мерзімін жою да қарастырылған.

Жастар саясаты туралы заң жобасы мен еңбек кодексі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жіберілді.

XS
SM
MD
LG