Accessibility links

Астанада бастауыш сыныптарда сабақ тоқтады


Астанадағы қыс. (Көрнекі сурет).
Астанадағы қыс. (Көрнекі сурет).

22 қаңтарда Астанада ауа-райының күрт суытуына байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды деп хабарлады Астана қаласы әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, екінші ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

​Синоптиктердің болжамынша, Астанада таяу күндері ауа температурасы 34 градусқа дейін суытады. "Қазгидромет" мекемесі "Астанада бүгін күн бұлттанып, қар жауып, боран соғады" деп болжайды.

XS
SM
MD
LG