Accessibility links

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жаңа өкілі тағайындалды


ЮНИСЕФ логотипі. (Көрнекі сурет).
ЮНИСЕФ логотипі. (Көрнекі сурет).

БҰҰ балалар қоры - ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы жаңа өкілі болып Юрий Оксамитный тағайындалды

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің хабарлауынша, Оксамитный бұған дейінгі өкіл Джун Кукитаның орнына тағайындалған.

Юрий Оксамитный бұған дейін ЮНИСЕФ-тің Беларусьтегі өкілдігін басқарған. 2002-2009 жылдары ол ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері жөніндегі бөлімін басқарған, ЮНИСЕФ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк) Басқарушы органдар, БҰҰ және көпжақты ынтымақтастық департаментінде аға кеңесші лауазымын атқарды.​

Юрий Викторович Оксамитный - Ресей азаматы.

XS
SM
MD
LG