Accessibility links

Australian Open: Дияс пен Шведова жеңілді


Зарина Дияс Австралиядағы жарыста. 21 қаңтар 2015 жыл
Зарина Дияс Австралиядағы жарыста. 21 қаңтар 2015 жыл

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымда әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Мария Шараповадан 1:6, 1:6 есебімен ұтылып қалды. Матч бір сағатқа созылды.

Зарина Дияс үшінші айналымға дейін поляк Урсула Радванска мен словак Анна Шмидлованы жеңген еді.

Қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова да (әлемдік рейтингте 66-орында) үшінші айналымда қытайлық Шуй Пенгтен 7:9, 3:6 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. Шведова алғашқы екі айналымда чехиялық Лусие Шафаржованы, пуэрто-риколық Моника Пуигті ұтқан.

Зарина Дияс 2014 жылғы Австралия ашық чемпионатында да үшінші айналымға дейін жетіп, румын Симоне Халептен жеңілген. Ал Шведова ол кезде бірінші айналымнан өте алмаған.

XS
SM
MD
LG