Accessibility links

ЕҚЫҰ: Мариупольді атқылау дереу тексерілсін

Артиллериялық қарудан атылған снарядтар түскен жердегі өртенген автокөлік қаңқалары. Мариуполь, 24 қаңтар 2015 жыл.
1/7 Артиллериялық қарудан атылған снарядтар түскен жердегі өртенген автокөлік қаңқалары. Мариуполь, 24 қаңтар 2015 жыл.
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Әскери қарудан атылған снарядтар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қиратты.
2/7 Әскери қарудан атылған снарядтар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды қиратты.
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Полиция артиллериялық қарудан атқылау салдарынан қаза тапқан адамның сүйегінің жанында тұр.
3/7 Полиция артиллериялық қарудан атқылау салдарынан қаза тапқан адамның сүйегінің жанында тұр.
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Әскери снарядтар түскен жерлерде өрт шықты.
4/7 Әскери снарядтар түскен жерлерде өрт шықты.
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Көшеде қаза тапқан адамның мәйітінің жанында тұрған адамдар.Люди стоят возле тела погибшего
5/7 Көшеде қаза тапқан адамның мәйітінің жанында тұрған адамдар.Люди стоят возле тела погибшего
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Украиналық әскери қызметкер снаряд түсіп жанып кеткен көлік қаңқаларының жанында тұр.
6/7 Украиналық әскери қызметкер снаряд түсіп жанып кеткен көлік қаңқаларының жанында тұр.
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Мариупольді әскери қарудан атқылау салдарынан мерт болған адамның мүрдесі жатқан маңда тұрған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көлігі. 24 қаңтар 2015 жыл.
7/7 Мариупольді әскери қарудан атқылау салдарынан мерт болған адамның мүрдесі жатқан маңда тұрған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көлігі. 24 қаңтар 2015 жыл.
Қаңтардың 24-і Мариуполь қаласын «Град» артиллериялық қаруынан атқылады. Соққы салдарынан бейбіт тұрғындар арасында 30 адам мерт болып, 80-нен астамы жараланған.
Previous slide
Next slide

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг жүргізу миссиясы басшысы Ертугрул Апакан сенбі күні Мариуполь қаласын артиллериялық қарудан атқылауды айыптады. Ол бұл оқиғаны жан-жақты тексеруге және жанжалға қатысушы тараптарды атысты дереу тоқтатып, келіссөздерді қайта жалғастыруға шақырды.

ЕҚЫҰ қаңтардың 24-і күні Мариуполь қаласының «Град» әскери артиллериялық қарудан атқыланғаны анықталғаны туралы хабарлаған. Соңғы ақпараттар бойынша, сенбі күні Мариупольдің тұрғын үйлер кварталдарына түскен әскери снарядтардан 30 адам қаза тауып, 90-нан астамы жараланған.

Бұған дейін Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі өкілі Федерика Могерини «ашық әскери жанжалды» одан ары ушықтыру бейбіт тұрғындар арасында қайғылы жайттарды көбейтеді деп мәлімдеген. Ол оқиғаның бұлайша жалғасуы Ресей және ЕО арасындағы қарым-қатынасты одан сайын нашарлатып жібереді деп ескерткен.

Сенбі күнгі Мариупольдегі оқиғаға байланысты ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесін өткізу үшін Украина президенті Петр Порошенконың Сауд Арабиясынан шұғыл елге қайтқаны туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG