Accessibility links

Серік Ахметов жайлы қауесетке күдікті ұсталды


Серік Ахметовтің Қазақстан премьер-министрі кезіндегі суреті. 1 ақпан 2012 жыл.
Серік Ахметовтің Қазақстан премьер-министрі кезіндегі суреті. 1 ақпан 2012 жыл.

Жамбыл облысындағы Көгершін ауылында қаңтардың 22-күні Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны Жандос Байшеміров ұсталған деп хабарлайды қазақстандық ақпарат құралдары.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, Байшеміров «ВКонтакте» әлеуметтік желісі және WhatsApp байланыс бағдарламасының көмегімен «Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов қайтыс болған» деген қауесет таратқан деген күдікпен ұсталған. Полиция одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып үйіне босатқан.

Қаңтардың 9-ы күні әлеуметтік желілерде Қазақстанда үйқамақта отырған Серік Ахметовтің «суицид жасағаны» туралы қауесет тараған еді. Бірақ Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ол ақпаратты жоққа шығарған.

Бұған дейін «аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған» деген күдікпен үстінен қылмыстық іс қозғалған Серік Ахметовтің үйқамақта болу мерзімі үшінші айға – ақпанның 18-іне дейін ұзартылған еді.

XS
SM
MD
LG