Accessibility links

Қырғызстанда терроризм күдігімен алты адам ұсталды


Қырғызстан арнайы күштері терроризмге қарсы жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет)
Қырғызстан арнайы күштері терроризмге қарсы жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Ош облысында жүргізген операция нәтижесінде "терроризм" күдігімен алты адам тұтқындалғанын және олардан "қару-жарақ пен оқ-дәрі табылғанын" хабарлады.

Комитет бүгін таратқан хабарламасында операцияның қаңтардың 20-сында жүргізілгені айтылған. Ақпаратта ұсталғандардың төртеуі "Сириядағы халықаралық террористік ұйымдардың лагерінде" дайындықтан өткен деп сипатталған. Олар терроризмнен өзге қарулы шабуыл ұйымдастырды деген де күдікке ілінген.

Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде автомат, түрлі калибрдегі 1700-ден астам оқ-дәрі, бетперделер, қолды байлайтын заттар табылған.

Қырғызстан және Орталық Азияда онымен көршілес өзге мемлекеттердің биліктері Ауғанстаннан халықаралық коалиция әскері әкетілгеннен кейін аймақта радикалдану үрдісі күшеюі мүмкін деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG