АҚШ президенті Барак Обама Йемендегі қиын жағдайға қарамастан "Әл Қаида" тобына қарсы операцияны тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Йеменге әскер кіргізу жоспарынан бас тартпайтынын да айтты.
2014 жылы күзде АҚШ пен Йемен исламшыл содырлармен бірігіп күресу туралы келісімге келген. Бірақ АҚШ-тың бірнеше заң шығару органдары президент шешіміне күдік келтіріп, қарсылық білдірген. Бұл қарсылыққа қарамастан АҚШ-тың ұшқышсыз ұшақтары Йемен билігінің рұқсатымен осы елдегі террористер шоғырланған аймақтарды бомбалаған. Кейін жағдай ушығып, өткен аптада Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хади отставкаға кететінін мәлімдеген.