Accessibility links

Украина қарулы күштері бас штабының баспасөз хатшысы Владислав Селезнев елдің шығысындағы Донбасс аймағында соңғы тәуліктегі қақтығыстардан 9 украин сарбазы қаза тапқанын хабарлады. 27 қаңтарда Киевте баспасөз жиынын өткізген Селезневтің айтуынша, ұрыста 30-ға тарта сарбаз жараланған. Сепаратистерден 10 адам мерт болып, 20-дан астамы жараланған.

Украина үкіметі күштері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы ауыр шайқас сепаратистер бақылауындағы Донецк пен Луганск облыстарының шегіндегі стратегиялық маңызы бар Дебальцево қаласы маңында болған.

"Ақпараттық қарсыласу" тобының жетекшісі Дмитрий Тымчуктің дерегінше, өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" сепаратистері аймақта күш жинап жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG