Accessibility links

Юань - әлемде ең көп қолданылатын бесінші валюта


Қытай юані. (Көрнекі сурет)
Қытай юані. (Көрнекі сурет)

Қытай валютасы - юань әлемде ең көп қолданылатын бесінші валюта атанды.

Халықаралық қаржы операциялары агенттігінің хабарлауынша, юань өткен жылдың желтоқсан айында қолданылу көлемі жөнінен Канада мен Австралия долларларын басып озған.

Бүкіләлемдік банкаралық телекоммуникациялар қоғамының (немесе SWIFT) дерегінше, юань қазір қолданылуы жағынан АҚШ доллары, еуро, фунт-стерлинг пен жапон иенінен кейінгі орында тұр.

Пекин трейдерлерінің шығынын азайтып, Қытай компанияларының әлемдік экономикадағы рөлін нығайту үшін юаньге бақылауды біртіндеп азайтып, оның шетелде қолданылуына жағдай жасап келеді.

XS
SM
MD
LG