Accessibility links

ПАСЕ Ресейді дауыс беру құқығынан айырды


Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының Страсбургтегі отырысы. (Көрнекі сурет).
Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының Страсбургтегі отырысы. (Көрнекі сурет).

Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) Ресейді сәуір айына дейін ассамблея жұмысына қатысу және дауыс беру құқығынан айырды. ПАСЕ Ресейді өткен жылдың наурызында Қырым түбегін "заңсыз аннексиялап алды" деп айыптады.

Ассамблея мәлімдемесінде бұған қоса Ресейдің "Украинадағы жағдайды шиеленістіріп, сепаратистерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғаны және ресейлік әскерилердің Шығыс Украинада құпия операциялар жасағаны" айыпталады.

ПАСЕ-дегі Ресей делегациясы Мәскеу ПАСЕ шешіміне жауап ретінде ассамблеяға мүше болудан бас тартатынын мәлімдеді.

ПАСЕ алғаш рет Ресейді өткен жылдың сәуірінде, Еуропа Одағы Украинадағы жағдайға байланысты санкциялар салған кезде дауыс беру құқығынан айырған.

XS
SM
MD
LG