Accessibility links

Азаматтық-процессуалдық кодекс жобасы таныстырылды


Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісі, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінде бүгін жаңа азаматтық-процессуалдық кодекс (АПК) жобасы таныстырылды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жоба негізінен Қзақстанда азаматтық сот процесінде адвокаттың рөлін арттырып, оларға медиатор - соттан тыс дауларды реттеуде бітімгерлік қызметін жүктеуге арналған.

Кодекс жобасында істі сотқа жіберуге дайындық мерзімі ұзарып, азаматтық процесте адвокаттық жасау рөлі күшейетіні айтылған. Бұған қоса дауларды соттан тыс бейбіт реттеу ісі - медиацияға мән берілген. Медиация тараптардың өтініші бойынша жүргізіліп, істі бейбіт реттеу арқылы іске аспақ. Жобада адвокаттардың істі бейбіт реттеуге қатысуы міндеттелген.

АПК жобасында сотта тараптардың мүддесін қорғайтын адамның жоғары заңдық білімі бар болуы тиіс делінген. Жобаны дайындаушылардың пікірінше, бұл талап сот процесінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің кәсіби түрде қамтамасыз етілуіне мүмкіндік тудырады.

АПК жобасын Қазақстан Жоғарғы соты даярлаған. Қазіргі қолданыстағы азаматтық-процессуалдық кодекс 1999 жылы қабылданған.

XS
SM
MD
LG