"Самұрық қазына" әл-ауқат қорының атқарушы директоры Дархан Қалетаев Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болып сайланды.
Бірінші вице-президент қызметіне бизнесмен Райымбек Баталов тағайындалды.
Вице-президент қызметін Лондон олимпиадасының чемпионы, "Астана" командасының менеджері Александр Винокуров, Ресей атынан Атланта олимпиадасында алтын алған Зульфия Забирова және осыған дейін велоспорт федерациясында бас хатшы болған Аманбек Кульчиков атқарады.
Қазақстан велоспорт федерациясын бұған дейін басқарған Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің өз еркімен бұл қызметтен кеткені хабарланды. Ол әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты банктегі жұмысына көп көңіл бөлетінін айтқан.