Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Йозеф Блаттер ұйым президенттігіне өз кандидатурасын қайта ұсынатынын ресми түрде мәлімдеді. Ол 29 қаңтарда Twitter-парағында: "Бүгін - сайлау күнтізбесіндегі маңызды күн. Мен өз кандидатурамды ұсындым" деп жазды.
Португалия құрамасының ойыншысы Луиш Фигу, Голландия футбол федерациясы президенті Майкл Ван Прааг, Иордания ханзадасы Әли Бин Әл-Хусейн, ФИФА бас хатшысының орынбасары Жером Шампань, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Давид Жинола да ФИФА басшысы болуға кандидатураларын ұсынған.
Сайлау 2015 жылы мамырда өтеді. 78 жастағы Йозеф Блаттер ФИФА-ны 1998 жылдан бері басқарып келеді.
2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарын өткізу құқығын Ресей мен Катар жеңіп алған соң Батыс басылымдары ФИФА-ны "кандидаттарды таңдау кезінде коррупцияға жол берді" деп айыптаған.