Accessibility links

ADAM bol меншік иесінің шағымын сот қабылдамады


Аян Шәріпбаев, ADAMDAR компаниясының құрылтайшысы, ADAM bol журналының меншік иесі. Алматы, 29 қаңтар 2015 жыл
Аян Шәріпбаев, ADAMDAR компаниясының құрылтайшысы, ADAM bol журналының меншік иесі. Алматы, 29 қаңтар 2015 жыл

Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілқайыр ADAMDAR компаниясының құрылтайшысы мен ADAM bol журналының меншік иесінің сот орындаушысының іс-әрекетіне қатысты шағымын қанағаттандырмай тастады.

Шағымда Аян Шәріпбаев пен әйелі Меруерт Серғазина мүліктерін тұтқындауға қатысты сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тануды сұрайды. Шағымданушылар сот орындаушысы Ринат Нұрсейітовтің борышкер ретінде Аян Шәріпбаевтың жүріп-тұруын шектеуі туралы қарарларын жоюды сұрады. Сот арыздарын қабыл етпегесін ерлі-зайыптылар апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Былтыр күзде ADAMDAR компаниясы өздерінің үстінен ар-намысымды қорлады деп арыз берген қалалық мешіттің наиб-имамы Ерсін Әміреден сотта ұтылған еді. Әміре былтырғы ақпан айындағы журнал санында жарияланған "Сирия көктемінің қазақстандық майданы" атты мақала беделіне нұқсан келтірді деп шағымданып, сот журналды бес миллион айыппұл төлеуге міндеттеген еді.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG