Беларусь сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, бүгін Минскіде Украинадағы дағдарысқа арналған, Киев, Мәскеу, ресейшіл сепаратистер және ЕҚЫҰ өкілдері қатысатын кездесу өтеді. Шығыс Украинада үкімет әскерімен соғысып жатқан сепаратистер кездесуге дайын екендерін білдірген.
Ресей ақпарат құралдарының Ресей сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Мирончикке сілтеме жасап хабарлауынша, "кездесудің нақты қай жерде, қай кақытта өтетіні қаңтардың 30-ы таңертең белгілі болады".
Шығыс Украинада қақтығыстар басталған өткен жылдың сәуірінен бері бес мыңнан астам адам қаза тапты. Қақтығысты бейбіт реттеу туралы өткен жылдың күзінде Минскіде жасалған келісім талаптары да сол күйі орындалмады.