Accessibility links

Ресей банкі: Валютамен несие беру тоқтауы мүмкін


Ресей Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина.
Ресей Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина.

Ресей орталық банкі таяу арада ипотекалық несиелерді шетел валютасымен беру тоқтауы мүмкін деп мәлімдеді 30 қаңтарда банк төрағасы Эльвира Набиуллина.

Мемлекеттік думада сөйлеген Набиуллинаның сөзінше, ипотекалық несиені валютамен алғандарға "саралап барып қана көмек көрсетілуі тиіс". Оның сөзінше, валютамен несие алғандар арасында табысы жоғары адамдар да бар болғандықтан тек рубльдің құнсыздануынан расымен зардап шеккендер тұтынушыларға ғана көмек көрсетілуі тиіс.

29 қаңтарда мемлекеттік думаға тұрғындарға шетел валютасымен несие беруге тыйым салу жөнінде заң жобасы түскен. Жоба авторы, "Справедливая Россия" партиясының депутаты Андрей Озеров "заң жобасы азаматтарды валютаның құбылуынан туындайтын қауіп-қатерден қорғауға арналған" дейді.

2014 жылдың желтоқсан айында валютамен несие алғандардың бүкілресейлік қозғалысы ел президенті Владимир Путиннен валютамен алынған ипотекалық несиелерді рубльмен қайта қаржыландыру туралы шешімді тезірек қабылдауды сұраған.

XS
SM
MD
LG