Accessibility links

Қазақстан Рио 2016-ның алғашқы жолдамасын алды


Қазақстан бокшысы Берік Әбдірахманов (сол жақта) AIBA Pro Boxing жобасындағы кездесудің бірінде жеңіске жеткен сәті (Сурет әлемдік бокс федерациясының ресми сайтынан алынды)

Боксшы Берік Әбдірахманов олимпиада жолдамасын AIBA Pro Boxing турнирі аясында жеңіп алды.

60 килограмдық салмақтың финалында Берік Әбдірахманов өзбек Хуршид Торшибаевпен сегіз раунд бокстасып, үстем түсті. Үш төреші де жеңісті Әбдірахмановқа берген.

AIBA ережесі бойынша бұл жарыста жеңген боксшы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылы өтетін олимпиадаға тікелей жолдама алады.

Әбдірахманов - 2013 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Боксшылар олимпиаданың қалған жолдамаларын алу үшін WSB додасы мен биыл Дохада өтетін бокстан әлем чемпионатында бәсекеге түседі.

XS
SM
MD
LG