Accessibility links

Томскіде тәуелсіз телеарнаны қолдау акциясы өтті


ТВ-2 телеарнасына қолдау білдіріп тұрған адам.
ТВ-2 телеарнасына қолдау білдіріп тұрған адам.

Ресейдің Томск қаласында бүгін жергілікті ТВ-2 тәуелсіз телеарнасын қолдау акциясы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараға үш мыңдай адам қатысқан. Митингке қатысушылар ТВ-2 телеарнасын эфирге қайтаруды және баспасөз құралына қысымды доғаруды талап еткен қарар қабылдаған.

ТВ-2 телеарнасының кабельдік желілер арқылы хабар таратуға алған лицензия мерзімі ақпанның 8-і күні аяқталады. Телекомпанияның негізін қалаған Аркадий Майофис бүгінгі акцияда сөйлеген сөзінде ТВ-2 эфирден кеткенімен интернет арқылы жұмысын жалғастыра береді деп мәлімдеген. Оның айтуынша, қазіргі кезде телеарна қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр болатындықтан жүзге жуық адам жұмыссыз қалмақ.

«Ресей телевизиялық және радиохабарлар желісі» (РТРС) кәсіпорыны бұған дейін телекомпаниямен жасалған келісім-шартты біржақты түрде бұзған соң ТВ-2 телеарнасы эфирден шеттетілген еді. 2014 жылы желтоқсанда Томск және Мәскеу қалаларында телеарнаны қолдау акциялары өткен. Наразылық шарасына қатысушылар билік орындарын бұл мәселеге араласып, телеарнаға эфирді қайтаруға шақырған. Томск тұрғындары ТВ-2 телеарнасын қорғауды сұрап Ресей президентіне жолдаған хатқа 14 мыңға жуық адам қол қойған.

Ресейдегі алғашқы тәуелсіз телекомпаниялардың бірі – ТВ-2 телеарнасы 1991 жылы мамырда құрылған. Осы кезең ішінде телевизия саласындағы жетістіктері үшін 23 рет ТЭФИ және ТЭФИ-Регион жүлделерімен марапатталған.

XS
SM
MD
LG