Сенбі күні Италия парламенті тек төртінші мәрте қайта дауыс беру арқылы ел президентін сайлады. Бұл қызметке 73 жастағы Серджио Маттарелла жеті жыл мерзімге сайланды.
Италияның 12-ші президенті болып сайланған Маттарелла бұған дейін Конституциялық соттың судьясы болып істеген. Оның кандидатурасына биліктегі Демократиялық партия қолдау білдірген.
Жаңадан сайланған президенттің ант беру рәсімі сейсенбі, ақпанның 3-іне белгіленген.
Елдің бұған дейінгі президенті 89 жастағы Джорджо Наполитано қаңтардың 14-і күні отставкаға кеткен болатын.