Accessibility links

Египет "Әл-Жазира" журналисін босатты


"Әл-Жазира" журналистері (солдан оңға қарай) Мұхаммед Бахир, Питер Гресте және Фахми Мұхаммед сот залында. Каир, маусым, 2014 жыл.
"Әл-Жазира" журналистері (солдан оңға қарай) Мұхаммед Бахир, Питер Гресте және Фахми Мұхаммед сот залында. Каир, маусым, 2014 жыл.

Египет билігі түрмеде отырған "Әл-Жазира" телеарнасының журналисі, австралиялық Питер Грестені босатып, елден шығарып жіберді. Гресте 2013 жылдың желтоқсанында екі әріпстесі - Мұхаммед Фахми мен Бахир Мұхаммедпен бірге "жалған ақпарат таратты" деген айыппен қамалған.

"Әл-Жазира" басшылығы Грестаның босатылғанын қоштағанымен, "Мұхаммед Фахми мен Бахир Мұхаммед босатылмайынша тыныш таппайтынын" мәлімдеді.

Фахмидің жары күйеуінің босатылып, Канадаға депортациялану мәселесі қазір "аяқталуға жақын тұрғанын" мәлімдеді. Фахми - Египет пен Канада азаматтығын алған.

Бахир Мұхаммед - Египет азаматы. Гресте мен Фахми жеті жарым жылға, Мұхаммед Бахир он жылға сотталған. Ол үшеуі де 2013 жылы президент Мұхаммед Мурси биліктен тайдырылған соң тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" қозғалысымен ынтымақтастық орнатты деп айыпталған.

"Әл-Жазира" журналистері айыптарын мойындамайды және сот процесін "жалған айыптарға құрылған" деп атайды.

XS
SM
MD
LG