Accessibility links

Зарина Дияс әлемдік рейтингте екі орынға төмен түсті


Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс Австралия ашық чемпионатында. Мельбурн, 21 қаңтар 2015 жыл.

Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) ақпанның 2-сі күні жариялаған рейтингінде қазақстандық Зарина Дияс 31-орыннан 33-орынға түскен.

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова 15 сатыға жоғарылап, қазір 51-орында тұр.

Екі теннисші де биылғы Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне дейін жетіп, Дияс ресейлік Мария Шараповадан, Шведова қытайлық Пен Шуайдан жеңілген.

Дияс пен Шведова Қазақстан құрамасымен бірге ақпанның 4-і мен 7-і аралығында Қытайда өтетін федерация кубогы жарысына қатысады. Қазақстан құрамасы Азия құрлығынан әлемдік лиганың плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға таласады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG