Accessibility links

БҰҰ: Иракта өткен айда 1375 адам мерт болған


Ирактың Киркук қаласында жарылыс болған жерде. 30 қаңтар, 2015 жыл.

БҰҰ-ның Иракқа көмек көрсету миссиясының соңғы дерегі бойынша, бұл елде қаңтар айында қақтығыстар мен түрлі шабуылдардан 1375 адам мерт болып, 2240 адам жараланған. Миссия ақпаратына қарағанда, құрбандардың 790-ы бейбіт тұрғындар, 585-і елдің біраз бөлігін басып алған радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларымен соғысып жатқан Ирак армиясының сарбаздары.

Жараланғандардың 1469-ы бейбіт тұрғындар, қалған 771-і армия және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.

Қаңтар айында ең көп құрбан - 256 адам Бағдад қаласында мерт болған.

БҰҰ миссиясының ақпараты бойынша, 2014 жыл Иракта 2006-2007 жылдардан бергі кезеңде ең көп адам қазасы тіркелген (12282 адам) жыл болған. Бірақ, БҰҰ тіркеуге алынбаған құрбандар саны ресми есептегіден асып кетуі мүмкін деп ескертеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG