Ауғанстанның оңтүстігі мен батысында "Талибан" шабуылынан кем дегенде жеті полицей қаза тапты.
Ауғанстан ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, 1 ақпанда Кандагар провинциясындағы Майванд ауданындағы тексеру бекетіне жасалған шабуылдан төрт офицер қаза тапқан.
Герат провинциясындағы Мазари Шариф ауданындағы полиция бекетіне шабуылдан үш полицей мерт болған.
Екі шабуылды да "Талибан" ұйымы өз мойнына алды.