АҚШ-тың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Джордж Крол бүгін Астанаға келді. Бұл туралы АҚШ елшілігі ресми веб-сайтында хабарлаған.
Джордж Крол қаңтардың 8-інде АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі ретінде ант берген. Енді ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырады.
59 жастағы Джордж Крол бұған дейін үш жарым жыл АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болған. Оның алдында Беларусь мемлекетіндегі АҚШ елшісі, АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша орынбасары болып қызмет атқарған.
АҚШ-тың Қазақстандағы бұған дейінгі елшісі Кеннет Фэйрфакстің өкілеті 2013 жылдың қыркүйегінде аяқталған. Крол елші болып тағайындалғанға дейін АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді уәкілі міндетін Джон Ордвей атқарды.