Accessibility links

АҚШ: Әзірге Украинаға қару беру жоспарымыз жоқ


АҚШ президентінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бен Родс.
АҚШ президентінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бен Родс.

АҚШ билігі таяу уақытта Украинаға қару-жарақ жеткізуді жоспарлап отырған жоқ және қазіргі санкцияларды Ресейге ықпал етудің ең тиімді құралы санайды. Бұл туралы АҚШ президентінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бен Родс мәлімдеді. CNN телеарнасына берген сұхбатында Родс "қарулануды күшейтуді" Украинадағы қақтығысты тоқтатудың тиімді тәсілі емес деген.

Бұған дейін The New York Times басылымы АҚШ Украинаға қорғаныс қару-жарақтарын жеткізу жайын қарастырып жатыр деп хабарлаған.

Бірақ Deutsche Welle агенттігінің хабарлауынша, Родс сұхбатында The New York Times-тың ақпаратын түбегейлі жоққа шығармаған.

Ақпанның 9-ы күні Германия канцлері Ангела Меркель Вашингтонға барады. Украина дағдарысына қатысты мәселелерді шешуде Германия АҚШ-тың басты серігі саналады.

XS
SM
MD
LG