Суданның батысында Ресейдің екі азаматын ұрлап әкеткен. Хартумдағы Ресей елшілігінің өкілі Артур Сафуковтың хабарлауынша, ресейлік азаматтар қаңтардың 29-ында Орталық Дарфур провинциясында ұрланған.
Елшілік өкілі ұрланған ресейліктерді босату шаралары жүріп жатқанын ғана айтып, толық ақпарат беруден бас тартқан.
Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, UTair әуе компаниясында еңбек ететін ресейлік екі азамат келісім бойынша БҰҰ миссиясында жұмыс істеген.
Ақпанның 1-інде Суданның оңтүстігінде көтерілісшілер бір апта бұрын ұрлап әкеткен БҰҰ-ның азық-түлік бағдарламасы бойынша қызмет етіп жүрген Болгарияның алты азаматы босатылған.