Accessibility links

АҚШ-та биржа акциясы құны өсе бастады


Нью-Йорк биржасындағы трейдерлер. (Көрнекі сурет)
Нью-Йорк биржасындағы трейдерлер. (Көрнекі сурет)

АҚШ қор биржаларында ақпанның 3-індегі саудада негізгі индекстердің құны біршама артты.

Нью-Йорк биржасында АҚШ-тың ең ірі 30 корпорациясы акциясын қамтитын Dow Jones индексі 1,8 пайызға қымбаттап, 305 пункт көтерілді. Жоғары технологиялық компаниялар акциясын қамтитын NASDAQ индексі 1 пайыздан көп, ал ең ірі 500 компанияның акциясы кіретін S&P индексі 1,5 пайызға қымбаттаған.

Акциялар құнының артуы осы аптада мұнай бағасының аздап қымбаттауымен байланысты. Кеше WTI маркалы мұнайдың бір баррелі бір күн бұрынғы бағасынан 7 пайызға қымбаттап, 53,53 долларға жеткен. Ал Brent маркалы мұнай баррелі 5,8 пайызға өсіп, 57,91 доллар болған.

Өткен жылдың соңынан бері мұнай бағасы бұлайша көтерілмеген. Wall Street Journal басылымының жазуынша, мұнай бағасының қымбаттауына АҚШ-тағы мұнай саласындағы жұмысшылардың үшінші күн бойы ереуілге шығуы және одан өндіріс көлемі азаяды деген қауіп себеп болған.

XS
SM
MD
LG